Салалық кәсіподақ басшыларымен үйлестіру кеңесі өтті

«Шымкент қаласы кәсіподақтар орталығы» АКБ төрағасы Бауыржан Әлтеевтің төрағалығымен 2021 жылғы 31 наурыз күні салалық кәсіподақтар басшыларымен кездесу өтті.

Кездесу барысында төраға Бауыржан Әлтеев күн тәртібіндегі бірқатар мәселелерді айтты. Айтап айтқанда, ҚРКФ-ның «Халықтық бюджет» атты кәсіподақ жобасына қатыстыру, «Еңбек – елдің мұраты» жобасын іске асыру және «Еңбек жолы» конкурсы іс-шаралар жоспарын іске асыру, бастауыш кәсіподақ ұйымдарын ашу, оған мүшелікке тарту жұмыстары, сондай-ақ, «Қалың қалай, бастауыш ұйым?» акциясы шеңберіндегі жұмыстар, ҚРКФ төрағасы С.Дәулеталиннің Шымкент қаласындағы салалық кәсіподақтардағы бастауыш кәсіподақ ұйымдарымен 2021 жылы онлайн форматта кездесуін ұйымдастыру және өткізу, әр саланың бастауыш кәсіподақ ұйымдарының өкілдерімен кәсіподақ орталығы төрағасының кездесуін ұйымдастыру, бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі «Парыз» конурсына қатысу, номенклатуралық іс-қағаздарды реттеу, Қазақстан Республикасының Үкіметі, жұмыс берушілердің республикалық бірлестіктері мен кәсіптік одақтардың республикалық бірлестіктері арасындағы 2021-2023 жылдарға арналған бас келісім туралы айтып кетті.

Сонымен қатар күн тәртібіндегі өзекті мәселелерді қарап, салалық кәсіподақ басшыларына пысықтап, тапсырмалар берілді.