2021 жылғы 31 наурызда Павлодар облысы аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің “Татуласу орталығының” басшысы, кәсіби медиатор, сот жүйесінің ардагері М.Иванова Павлодар облысы Ақтоғай аудандық соты ұйымдастырған диалог алаңында кәсіподақтардың татуласу орталығының қызметі туралы “Еңбек дауларын сотқа дейінгі және соттан тыс тәртіппен шешу (келісу комиссиялары)” тақырыбы бойынша әңгімеледі.
Талқылауға Ақтоғай аудандық сотының төрағасы С. Кенішев, Ақтоғай ауданы прокурорының көмекшісі А.Тельман, Павлодар облысы бойынша Мемлекеттік еңбек инспекторы М.Байсалов, Ақтоғай ауданы әкімдігінің өкілі Қ.Сейпадамов, “Ақтоғай ауданының білім бөлімі” ММ заңгері Г.Смағұлова, “Ақтоғай аудандық ауруханасы” КМҚК заңгері А.Макидонский, адвокат, медиатор К. Жандаулетова, аудандық “Пульс Села”газетінің тілшісі Л.Абылшайықова қатысты.
Еңбек дауларын соттан тыс (медиация) және сотқа дейінгі (келісім комиссиялары) қарау қажеттілігі туралы, еңбек даулары бойынша азаматтық істерді қараудың сот практикасына сүйене отырып, Ақтоғай аудандық сотының төрағасы С.Кенішев сөз сөйледі.
Диалог алаңына қатысушылар азаматтардың білікті заң көмегін, медиация және татуласу келіссөздері бойынша қызметтерді алуы, еңбек дауларын сотқа дейін және соттан тыс сапалы және тез шешу үшін келісім комиссиясы мүшелерін оқыту туралы қажетті мәселелерді талқылады.