Татуласу орталығының өкілдері “BIRGEMIZ” онлайн-қабылдау жұмысына қатысты

2021 жылғы 1 сәуірде “BIRGEMIZ” онлайн-қабылдау жұмысына Қазақстанның бес өңірінің медиаторлары мен психологтарымен қатар Павлодар облысы кәсіподақ орталығының “Татуласу орталығының” басшысы М.Иванова қатысты.

Қаралған алты өтініштің ішінен ең өзектісі екі мәселе болды: біріншісі – меншік иесі ауысқан жағдайда ұжымдық шарттың қолданылуы туралы, екіншісі – еңбек кітапшасын ресімдеуден бас тартқан жағдайда жұмыс берушінің жауапкершілігі туралы.

Бірінші сұраққа жауап бере отырып, өтініш берушіге Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің қолданыстағы редакциясына сәйкес Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 158-бабының 4)-тармағына сәйкес ұжымдық шарт ұйым таратылған, ол банкрот деп жарияланған кезде ғана қолданысын тоқтататыны түсіндірілді. Бұл жағдайда барлық қызметкерлермен еңбек шарты тоқтатылған күн Ұжымдық шарттың қолданылуы тоқтатылған күн болып есептеледі. Ұжымдық шарттың қолданылу мерзімінің аяқталу күні, егер онда ұжымдық шарттың қолданылуын жаңа Ұжымдық шарт қабылданғанға дейін жалғастыру туралы тармақ болмаса, сондай-ақ Ұжымдық шарттың қолданылуын тоқтатады.

Осылайша, Қазақстан Республикасының қолданыстағы Еңбек кодексінде меншік иесі ауысқан кезде ұжымдық шарттың қолданылуын тоқтату көзделмеген.

Екінші сұраққа жауап бере отырып, өтініш берушіге Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 33-бабының 3-тармағына сәйкес адамды жұмысқа жіберу еңбек шарты жасалғаннан кейін ғана жүзеге асырылатыны түсіндірілді. Еңбек кітапшасы 35-баптың 1) тармақшасына сәйкес қызметкердің еңбек қызметін растайтын құжаттардың бірі болып табылады. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы №929 бұйрығына сәйкес еңбек кітапшасы қызметкердің еңбек қызметі туралы мәліметтерді қамтитын құжат болып табылады және оны жұмыс беруші жүргізеді.

Жұмыс берушінің еңбек заңнамасын бұзғаны үшін “әкімшілік құқық бұзушылық туралы” Қазақстан Республикасы Кодексінің 87-бабы бойынша айыппұл түрінде әкімшілік жауапкершілік қарастырылған.

Даулы жағдайды реттеу үшін өтініш берушіге Павлодар облысы аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің татуласу орталығына 87088614656 жедел желі телефоны арқылы жүгіну ұсынылды, оның миссиясы сотқа жүгінбестен медиатордың қатысуымен еңбек дауын реттеуге көмек көрсету болып табылады.