Қызылорда қаласының кәсіпорындарындағы еңбек қатынастары мәселесі қаралды

31 наурыз күні Қызылорда қаласы әкімінің орынбасары Бектас Нуридинов төрағалығымен қалалық​ үшжақты комиссиясының отырысы өтті.

Отырысқа аумақтық кәсіподақтар бірлестігі төрағасының орынбасары Марат Бәйімбетов және​ комиссия құрамындағы​ салалық кәсіподақ төрағалары, қала әкімдігі бөлім басшылары​ қатысты.​ ​

Күн тәртібінде қала бойынша мекемелер мен кәсіпорындардан жұмыстан босаған жұмысшыларға қарастырылатын әлеуметтік шаралар, қала кәсіпорындарындағы еңбек қатынастарының жағдайы талқыланды. Сонымен қатар, комиссия отырысы «Еңбек жолы» республикалық конкурсының қалалық деңгейін ұйымдастыру мәселесін қарап, Қызылорда қаласы бойынша жеңімпаздарды анықтау жөніндегі комиссия құрамын бекітті.