Кәсіподақ өкілдері «Павлодар педагогикалық университеті» КЕАҚ еңбек ұжымымен жолықты

Бастауыш кәсіподақ ұйымының жылын өткізу шеңберінде Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясы төрағасының орынбасары, Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының төрайымы Айгүл Мұқашева 2021 жылғы 1 сәуірде Павлодар облысына жұмыс сапары аясында Павлодар облыстық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының төрайымы Г.А. Науразбаевамен бірге “Павлодар педагогикалық университетіне” барды.

Басқарма төрағасы, ректор Ж.Жылбаев университеттің серпінді дамуы туралы және қонақтарды “Ертіс өңірінің 100 тарихи тұлғасы” жобасының экспозициясымен, каворкинг-орталығының, О. Сүлейменов атындағы шығармашылық жастар орталығының жұмысымен таныстыру шеңберінде Педагогикалық шеберлік кабинеті, ғылыми зертханалар туралы айтып берді.

Ректор А.М. Мұқашевпен әңгімелесу барысында университет ұжымының мүдделерін білдірудегі кәсіподақтың рөлін ерекше атап өтті.

“Кәсіподақ ұйымы мен университет басшылығы арасындағы жұмыс тең құқылы ынтымақтастық пен әлеуметтік әріптестік қағидаттары негізінде құрылуы тиіс. Ұжымдық шартқа қол қою рәсімінің де осындай жоғары деңгейде өткеніне қуаныштымын”, – деп атап өтті Айгүл Мақсатқызы.

А.Мұқашеваның бастауыш кәсіподақ ұйымының мүшелері – студент жастармен кездесуі Студенттік жастардың кәсіподақ қызметін дамытуға деген үлкен ықыласы мен қызығушылығымен өтті.

“Болашақ жастардың қолында! Педагог мамандығы бойынша білім алу белсенді қоғамдық кәсіподақ қызметімен ұштасып, табысты кәсіби педагогикалық қызмет үшін платформа құрады”, – деп атап өтті А.Мұқашева.

Төраға Г.Науразбаева студент жастарға студенттік жобаларды табысты жүзеге асыруға және педагогикалық мамандық бойынша терең білім алуға тілек білдірді.

Кездесу соңында Айгүл Мұқашева ректорға экскурсиясы мен қызықты әңгімесі, студент жастармен кездесуді ұйымдастырғаны, атқарған жұмысы және университеттің Қазақстан Республикасында білім беру мен ғылымды дамыту ісіне қосқан зор үлесі үшін алғысын білдірді.