«Ұстаз» Алматы қалалық жергілікті кәсіптік одағы Наурызбай аудандық филиалы аудандағы бала-бақшалардағы індетке қарсы шаралардың жасалуы жағдайына қоғамдық бақылаулар жүргізді.
2021 жылғы 3 сәуірден бастап күшіне енген Алматы қаласының Бас санитарлық дәрігері Ж. Бекшиннің жаңа қаулысына сәйкес мектепке дейінгі мекемелердің-кезекші топтардың қызметіне 15 баладан аспайтын топтардың жинақталуын сақтау рұқсат етілген.
Алматы қаласы Наурызбай ауданының №№ 45,172,184 бала-бақшаларында Covid-ке қарсы шаралар тиісті деңгейде жасалған. Санитарлық-эпидемиологиялық талаптар нұсқаулықтарға сай орындалып, сақталып келеді. Білім ошақтарының дәліздерінен бастап әрбір бөлмелерге дейін тиісті сақтық шаралары жүргізілген. Санитарлық орындардағы дезинфекциялаушы арнайы ерітінділер мен әрбір кіре берістердегі қол тазартатын арнайы спиртті сұйықтар қойылған. Бүгін де жұмыс қаланың бас санитарлық дәрігерінің қойып отырған талаптарына сай жүргізіліп отыр.