«Білім және ғылым қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағы» ҚБ төрағасы Ақсу қаласының әкімімен кездесті

Бастауыш ұйым жылы аясында өткен Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының төрайымы Айгүл Мұқашеваның Павлодар облысына жасаған жұмыс сапары кәсіподақ ұйымдарының қызметіне Білім және ғылым қызметкерлерінің мүдделерін білдіру мен құқықтарын қорғауда үлкен мән берді.

2021 жылғы 2 сәуірде Ақсу қаласының әкімі Нұржан  Әшімбетовпен “Білім және ғылым қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағы” ҚБ төрағасы А.Мұқашева және “Білім және ғылым қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағының Павлодар облыстық ұйымы” ҚБ төрайымы Г.Науразбаева кездесті. Кездесуге қатысушылар өңір педагогтарының өзекті мәселелерін талқылады.

Жұмыс сапары аясында А.Мұқашева Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының, оның мүшелік ұйымдарының қызметі, “Педагог мәртебесі туралы” Қазақстан Республикасының Заңын орындау бойынша педагогтерге сауалнама жүргізу туралы хабардар етті.

Ақсу қаласының әкімі Н.Әшімбетов қала және ауылдық елді мекендер педагогтері мен білім беру қызметкерлерінің басқа да санаттарын қолдау жөніндегі шаралар туралы айтып берді: жыл сайынғы тегін медициналық тексеру мәселесі толық шешілді, Ақсу қаласының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік ұйымдардың мамандарына бюджет қаражаты есебінен коммуналдық қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау мөлшері 10 АЕК мөлшерінде ұлғайды, бұл облыстағы ең жоғары көрсеткіш болып табылады.

Кездесу нәтижелері бойынша қатысушылар педагог мәртебесін арттыру жөніндегі жұмыста одан әрі әлеуметтік әріптестіктің векторларын анықтады.