Кәсіподақ өкілдері еңбек ұжымының тыныс-тіршілігімен танысты

«Қызмет» мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің салалық кәсіподағы» ҚБ Шымкент қалалық филиалының төрағасы С.Әуесханов «Қалың қалай, бастауыш ұйым?» акциясы аясында Шымкент қаласындағы «Ырыс-7» балабақшасына барып, бастауыш кәсіподақ ұйымындағы кәсіподақ мүшелерінің қал-жағдайларымен танысты.

Балабақшада кәсіподақ ұйымы 2021 жылдың басында құрылып, оның құрамына 15 адам кірген. Бастауыш кәсіподақ ұйымының төрайымы – Қарымсақова Ақтолқын Амангелдіқызы.
Мекеменің жұмыс берушісі мен кәсіподағы арасында 2021-2023 жылдарға арналған ұжымдық шарт жасалған және ол Шымкент қаласының мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасында тіркелген.

Ұжым мүшелерінің барлығы – мектепке дейінгі білім беру мен тәрбие берудің мамандары.

Балабақшада бүгінде 75 бала мемлекеттік білім беру стандарты мен бағдарламасына сәйкес тәрбиеленуде.

Кездесу соңында мекеменің белсенді қызметкерлері  Ақтолқын Қарымсақова және Бағлан Әріпбай филиалдың «Алғыс хатымен» марапатталды.