«Қалың қалай, бастауыш ұйым?» акциясы аясында кездесу ұйымдастырылды

Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясы 2021 жылды «Бастауыш кәсіподақ ұйымының жылы» деп жариялап, осыған орай «Қалың қалай, бастауыш ұйым?» акциясы ұйымдастырылуда.

Басты мақсат – бастауыш кәсіподақ ұйымдарының рөлі мен беделін арттыру, барынша қолдау көрсету болып табылады. Өйткені, бастауыш кәсіподақ ұйымы бүкіл кәсіподақ қозғалысының тірегі болып табылады.

«Қызмет» мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің салалық кәсіподағы» ҚБ-нің Түркістан облыстық филиалының төрайымы Кулдар Есебаева кезекті кездесуге Түркістан облысы Мемлекеттік архивіне барды. Кулдар Аралбекқызы кәсіподақтағы жаңалықтармен таныстырып, еңбек заңнамаларының сақталуын, еңбек қатынастарын рәсімдеу, жұмыс тиімділігін арттыру бойынша мәселелер әңгіме болды. Жұмыс тиімділігін арттыруда кәсіподақ мүшелерін ынталандырып, көтермелеп отыру қажеттілігі айтылды.

“Құжат айналымы мәселелері” 3-нөмірі архив саласындағы “мемлекеттік басқару органдарындағы бірыңғай электрондық құжат айналымы және электрондық құжаттарды мемлекеттік архивтік сақтау жүйелерін үйлестіру мәселелері “ және “Сұрап едіңіз-жауап береміз” тақырыбында ой-пікірлер айтылды.

Мекеме басшысы Айдын Исатаева, бастауыш кәсіподақ комитетінің төрайымы Айжан Утелбаева биылғы архив саласындағы атқарылып жатқан жұмыстармен таныстырды. Кездесу соңында Кулдар Аралбекқызы толғандырып жүрген сұрақтарға кәсіподақ ұйымы көмекке дайын екенін жеткізді.