Қызметкерлердің құқықтарын қорғау бастауыш ұйымнан басталады

Валентина Березюк – ғалым-әйел және кәсіподақ көшбасшысы. “Қазтұтынуодағы” Қарағанды университетінің бухгалтерлік есеп және аудит кафедрасының меңгерушісі, экономика ғылымдарының докторы, доцент, Еуразия Халықаралық экономикалық академиясының корреспондент мүшесі.

Валентина Ивановна 2012 жылы конкурстық негізде міндеттілік, бастамашылдық және жауапкершілік сияқты жеке және іскерлік қасиеттері үшін “Қазтұтынуодағы” Қарағанды университетінің бастауыш кәсіподақ ұйымының босатылмаған төрайымы болып сайланды. Қазіргі уақытта Қарағанды облысының “Кооперация және кәсіпкерлік қызметкерлерінің жергілікті кәсіподағының” “Қазтұтынуодағы” Қарағанды университетінің бастауыш кәсіподақ ұйымы «YNTYMAQ» орта және шағын бизнес қызметкерлерінің  салалық кәсіптік одағының құрамына кіреді. Қарағанды кооперативтік институтындағы оқуын бастап, студенттік кәсіподақ ұйымының үздік кәсіподақ қазынашысы болып танылды.

Бастауыш кәсіподақ ұйымының төрайымы лауазымында университет жұмысшыларымен және басшылығымен (ректоры – Ерқара Аймағамбетов) қарым-қатынаста өзін дипломатиялық және тез тіл табысатын тұлға ретінде көрсете білді.

Әлеуметтік әріптестіктің негізгі қағидаттарын іске асыру, еңбек заңнамасының сақталуын бақылау бастауыш кәсіподақ ұйымы қызметінің ажырамас бөлігі болып табылады. Ұжымда барлығы кәсіподақтың қатысуымен және оның пікірін ескере отырып жасалады, бұл кәсіподақ ұйымы төрайымының белсенді өмірлік ұстанымы мен кәсібилігінің нәтижесі болып табылады.

Жыл сайын кәсіподақ комитеті ректоратпен бірлесіп түрлі іс-шаралар ұйымдастырып отырады. «Возрождение» студенттік театрының қатысуымен Еңбек күнін ұйымдастыру және өткізу, яғни, аға буын қызметкерлердің жас мамандар мен студенттермен еңбек және өмірлік тәжірибелерімен бөлісу дәстүрге айналды. Ұрпақтар сабақтастығы тәлімгерлік білімді өзара байытуға әкеледі және бұл жұмысқа оң әсерін тигізеді: үлкендер білікті дағдылармен, шеберлік құпиясымен, бай тәжірибемен бөліседі, жастар креативті және шығармашылық идеяларымен жаңа серпіліс береді. Валентина Березюк жетекшілігімен студенттер жыл сайын халықаралық және республикалық ғылыми байқауларға қатысып, жүлделі орындарға ие болады.

Кәсіподақ активі қарттар күніне орай ұйымдастырылған іс-шараларға қатысу үшін университетке баруға мүмкіндігі жоқ еңбек ардагерлеріне және жұмыс істемейтін зейнеткерлерге жету мүмкіндігін ұйымдастырады, сонымен қатар мереке күндеріне орай материалдық қолдау көрсетеді.

Кәсіподақ ұйымының қаражаты есебінен кәсіподақ мүшелерінің санаторлық-курорттық емделуіне жолдамалардың құны ішінара өтеледі, сондай-ақ Қарқаралыдағы «Кооператор» демалыс аймағында демалыс ұйымдастырылады. Кәсіподақ комитеті төрайымының басшылығымен балаларға арналған жаңа жылдық ертеңгіліктер, балаларды қорғау күніне сыйлықтар мен грамоталармен марапатталатын балалар арасында суреттерінің конкурстары өткізіледі, «Мектепке жол» акциясы ұйымдастырылады.

Кәсіподақ көшбасшысы өзінің кәсіби білім деңгейін арттыруға ұмтылысын білдіреді, күрделі мәселелер бойынша шешім қабылдауда жауапкершілікті өз мойнына алуға қабілетті, жұмыскерлерге қажетті көмек көрсете алады және қазіргі заманғы іскерлік қарым-қатынас дағдыларына ие.

Кәсіподақ қозғалысына белсене қатысқаны үшін, кәсіподақ қозғалысына қосқан жеке үлесі, қызметкерлердің экономикалық, әлеуметтік мүдделерін ілгерілетуі үшін Валентина Березюк Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының, Қарағанды облысы Кәсіподақтар орталығының және Салалық кәсіподақтың облыстық филиалының Құрмет грамоталарымен бірнеше рет марапатталған.