Қарағанды облысында әлеуметтік әріптестік туралы келісімге қол қойылды

Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбектің төрағалық етуімен Қарағанды облысы әкімінің, облыстық кәсіподақтар (қызметкерлер) бірлестіктері мен жұмыс берушілер бірлестіктері (қауымдастықтары, одақтары) арасындағы 2021-2023 жылдарға арналған Облыстық келісімге онлайн форматта қол қойылды.

Өткен үш жыл ішінде қолданыстағы Келісім шеңберінде 2018 – 2020 жылдар кезеңінде нәтижелі жұмыс жүргізілді, онда кәсіподақ тарапы енгізген 13 ұсыныс пен түзетулер көрініс тапты. Атап өтсек, барлық көтерілген мәселелер жұмыс тобының және облыстық үшжақты комиссияның отырыстарында жедел түрде қарастырылды.

Өзара бірлескен жұмыс және ынтымақтастық туралы маңызды құжатқа қол қою кезінде Республикалық тау-кен өндіру және тау-кен металлургия кәсіпорындары қауымдастығының Атқарушы директоры, Қазақстанның тауар өндірушілер мен экспорттаушылар одағының Президенті Николай Радостовец, Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының «Қарағанды облысының Кәсіподақтар орталығы» АКБ төрағасы Болат Жұмабеков,  «Қарағанды облысының еркін кәсіподақтар Достастығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы Сергей Белкин сөз сөйледі.

Бұл жүргізілген қоғамдық мониторингке сәйкес еңбек дауларының негізгі себептері жұмыскерлердің өмір сүру деңгейіне сәйкес келмейтін жалақысы және тиісінше емес еңбек жағдайлары болып табылатыны атап өтілді. Осыған байланысты, Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының Қарағанды облысының Кәсіподақтар орталығы салалық кәсіподақтардың аумақтық құрылымдарының Үйлестіру кеңесінің отырысында облыстың әлеуметтік шиеленісінің тәуекелдер картасын бекітті, оған тау-кен металлургия және құрылыс салаларының бірқатар кәсіпорындары кірді. Сонымен қатар, кәсіподақ ұйымдары қызметкерлердің еңбек құқықтарын қорғау бойынша тұрақты жұмыс жүргізеді.

Кездесуді қорытындылай келе, Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбек әлеуметтік әріптестіктің барлық тараптарын облыстық келісімге қол қойылуымен құттықтап, әлеуметтік әріптестік тараптарының өзара түсіністігі, бірлескен жұмыста қолданыстағы жұмыс орындарын сақтау және жаңа жұмыс орындарын құру, экономиканың қарқынды өсуі үшін мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру, қарағандылықтардың әлеуметтік тұрақтылығы мен әл-ауқатын нығайту үшін жағдай жасауын тіледі.

Өз кезегінде, әлеуметтік әріптестік тараптары тараптар қабылдаған облыстық келісімнің орындалуын қамтамасыз ету үшін келісілген шараларды қабылдауға дайын екендіктерін білдірді.