Ағымдағы жылдың 8 сәуір күні Батыс Қазақстан облыстық кәсіподақтар орталығының кәсіби медиаторы, «Халықаралық құқық қорғау орталығы» РҚБ БҚО филиалының директоры Зәуреш Шатикованың жетекшілігімен «Медиатор деген кім?» тақырыбында онлайн кездесу өткізілді.
Кездесуге облыстық салалық және жергілікті кәсіподақ ұйымдарының жетекшілері мен заңгерлері және бастауыш кәсіподақ ұйымдарының мүшелері қатысты. Онлайн кездесу барысында «Халықаралық құқық қорғау орталығы» республикалық қоғамдық бірлестігінің директоры Жанділдә Жақыпов Қазақстандағы медиациялық қозғалыстар туралы ақпарат беріп, еңбек қатынастарында жиі орын алатын шиеленістерге тоқталды.
Өңірдің кәсіби медиаторы Зәуреш Ахметқызы ҚР Тәуелсіздігіне 30 жыл, медиациялық қозғалыстарға 10 жыл толуына орай, өзінің құттықтау-тілегін жеткізіп, кәсіподақтар орталығымен, салалық және жергілікті кәсіподақ ұйымдарымен жасасқан меморандумдар аясында атқарылып келген жұмыс нәтижелерімен бөлісті. Ақпараттық түсіндірме жұмыстары аяқталғаннан соң, қатысушылар тарапынан кері байланыс орнатылып, сұрақ-жауап бөлімі ұйымдастырылды.
БҚО, Сырым ауданының ЖОББМ директоры Бекет Кабасов өзінің 35 жылдық еңбек тәжірибесін алға тартып, медиатор болғысы келетіндігін және ол үшін неден бастау керек екендігін сұрады. Сонымен қатар, Тасқала аудандық бастауыш кәсіподақ ұйымының төрайымы Ләйле Ғаббасова медиациялық қызметтердің мектеп қабырғасында да жұмыс жасау керектігін айтты. Сондай-ақ, аудандар мен ауылдық округтерге көбірек ақпараттық жұмыстар жүргізу туралы ұсынысын білдірді.
Бұл орайда, медиатор Зәуреш Ахметқызы консультациялық жұмыстардың барлығы үшін тегін жүргізілетіндігін хабарлап, цифрлы медиация қызметін және өңірдегі медиациялық белсенділікті көтеру үшін ай сайын онлайн кездесулер, практикалық сабақтар өткізіп тұру ұсынысын жеткізді.