Кәсіподақ төрағасы «Парасат жолы» орталығының жұмысымен танысты

Республикалық «Парасат жолы» жобасының жетекшісі Сәдібек Түгел және ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының кеңесшісі Жазира Жылқышиева Түркістан облысы А.С.Пушкин атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасындағы «Парасат жолы» орталығы жұмыстарымен танысып, зиялы қауым өкілдерімен кездесті. Кездесу барысында келген қонақтар арнайын қойылған кітап көрмелері мен кітапхана тынысымен таныс болды.

Сондай-ақ, жиынға қатысушылар назарына А.С. Пушкин атындағы Түркістан облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында дайындалған, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің «Адалдық алаңы» жобасының «Парасат жолы» орталығы аясында бастау алған облыстық «Кітапхана – әлеуметтік медиа орталық» кітапханалық жобасы таныстырылды.

Іс-шараға Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары Мирас Қарғабай, Қазақстандық салалық мәдениет, спорт, туризм және ақпарат қызметкерлерінің кәсіптік одағы Түркістан облыстық филиалының төрағасы Бастарбек Пірімбетов, ОҚМПУ «Рухани жаңғыру және тәрбие» бөлімінің басшысы, тарих ғылымдарының кандидаты, доцент Қайрат Сапарханұлы, ақын жазушы Абай Қалшабек, ҚР Ұлттық Академиялық кітапханасының жетекші маманы Әсем Сағиқызы, ардагер кітапханашы Гүлнар Өмірбек пен жастар қатысты.