Бастауыш кәсіподақ ұйымы – бүкіл кәсіподақ қозғалысының тірегі

«Қызмет» мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің салалық кәсіподағы» қоғамдық бірлестігінің Қостанай облыстық филиалының құрамында 62 мемлекеттік қызметкерінің басын қосқан Қостанай облысы әкімдігінің қаржы басқармасы бастауыш кәсіподақ ұйымы бар.

Оның жетекшісі Ермек Талтыкеев жауапты, адамның еңбек құқықтарын қорғау қағидаттарын берік ұстайды, ұйымшыл ұжымды көздеген мақсаттарына сенімді түрде жол ұстап, салалық кәсіподақтың мәртебесі мен беделін жақсарту мен нығайтуға бар күшін салады.

Алға қойылған мақсаттарға жетудің негізгі құралы – жұмыс берушімен әріптестік диалогы болып табылады. Бастауыш ұйым ұжымды біріктіреді және ұйымдастырады, ардагер – зейнеткерлерге, халықтың осал топтарына қамқорлық көмек тұрақты түрде көрсетіледі.

Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясы бастауыш кәсіподақ ұйымының жылы деп жариялаған 2021 жыл шеңберінде ұжым «Үздік бастауыш кәсіподақ ұйымы» байқауына қатусы туралы шешім қабылдады. Шешім ұжымның жалпы жиналысында қабылданды және барлық кәсіподақ мүшелері осы бастаманы қолдады, конкурсқа қатысу кәсіподақтың әрбір мүшесінің қызметін жандандырады, кәсіподақтың жас мүшелері үшін қажетті тәжірибе жинау мүмкіндігі болады, жұмыс тиімділігін арттыру және кәсіподақ беделін одан әрі нығайтуда үлесін қосады.

«Қызмет» мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің салалық кәсіподағы Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қостанай облысы бойынша департаментімен бірігіп дәстүрлі түрде Балаларды қорғау және Мемлекеттік қызметші күніне орай іс-шараларды өткізеді. Бастауыш ұйымның жоспарларында әлі де көптеген қызықты және мағыналы шаралар бар.