Ағымдағы жылдың 12 сәуірінен бастап Қарағанды облысының барлық аумағында карантин шарттары қатаңдатылуда, осыған байланысты Қарағанды облысының жұмыс істеп тұрған кәсіпорындарында карантиндік қатаң шектеу шараларының сақталуы бойынша мониторинг жүргізілуде.
«YNTYMAQ» Қазақстандық орта және шағын бизнес қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағының Қарағанды облыстық филиалының құрамына кіретін «Қарағандыпрофсервис» ЖШС бастауыш кәсіподақ ұйымы шағын кәсіпкерлік субъекті болып табылады.
Елдегі коронавирустық пандемия кезінде ұйым қызметкерлері өз қызметін қатаң карантиндік шараларды сақтай отырып жалғастыруда. Кәсіподақтар үйінің ғимаратына кіру қатаң түрде қорғаныш маскаларымен жүргізіледі; ғимаратқа кіру кезінде температураны байланыссыз термометрия аспаптарымен өлшеу жүргізіледі; жұмыс орындары арасындағы әлеуметтік қашықтық сақталады; қолды антисептикпен міндетті түрде өңдеу жүзеге асырылады.
Қоғамдық мониторинг жедел штаб – кәсіподақ комитеті «Қарағандапрофсервис» ЖШС әкімшілігімен бірлесіп карантиндік санитарлық шаралар енгізілген алғашқы күннен бастап Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының өңірлік кеңесінің қызметкерлері мен келушілерінің еңбек қауіпсіздігі және денсаулық сақтау саласында барлық қажетті шараларды қабылдап жатқанын көрсетті.
ЖҰМЫС ОРЫНДАРЫНДАҒЫ ҚАУІПСІЗДІК – ҚЫЗМЕТКЕРЛЕР МЕН ОЛАРДЫҢ ОТБАСЫ МҮШЕЛЕРІНІҢ, ЯҒНИ БАРЛЫҚ ҚАРАҒАНДЫЛЫҚТАРДЫҢ ДЕНСАУЛЫҚ КЕПІЛІ! Бұл бағыттағы жұмыс жалғасуда!