Сенбілік – ұжымдық еңбек дәстүрі

Бүгін Қызылорда облысы кәсіподақтары көктемгі сенбілікке шықты.

Қаланы санитарлық тазалауға, абаттандыру мен көгалдандыруға үлес қосуға бағытталған сенбілік барысында Кәсіподақ үйі аумағы тазаланып, мекеме маңайындағы ағаш түптері қопсытылды, жаңа ағаштар егілді.

“Сенбілік – ұжымдық еңбек дәстүрі. Әрине, ол сонау кеңес дәуірінде үрдісті болатын, дегенмен қазір де оның маңыздылығы зор. Тазалыққа, қоршаған ортаны қорғауға деген ұмтылыс барлық азаматтарда қалыптасуы тиіс, экология мәселесі де алаңдатарлық. Өз қаламыздың таза да әдемі болуы өз қолымызда. Бүгінгі сенбілікке барлық кәсіподақ қызметкерлері жақсы көңіл күйде қатысуда”, – дейді аумақтық кәсіподақтар бірлестігі төрағасы Серік Сермағамбетов.