«Адам саудасына қарсы іс-қимыл және мәжбүрлі еңбектің алдын алу» тақырыбында семинар өтті

2021 жылғы 13 сәуірде Павлодар облысы аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің диалог алаңында салалық, жергілікті және бастауыш кәсіподақ ұйымдары филиалдарының төрағаларының қатысуымен “Адам саудасына қарсы іс-қимыл және мәжбүрлі еңбектің алдын алу” тақырыбында семинар өтті.

“Павлодар облысының еңбек басқармасы” ММ басшысының орынбасары Марат Тілеубергенұлы спикер ретінде сөз сөйледі.

2010 жылы БҰҰ Бас Ассамблеясы Адам саудасына қарсы күрес жөніндегі жаһандық іс-қимыл жоспарын қабылдады, оған сәйкес БҰҰ-ға мүше мемлекеттер адам саудасының алдын алу, оған қарсы күрес арқылы жойылғанын растайды, адам саудасының құрбандарын қорғауға ықпал етеді, құқықтық көмек көрсету жөнінде шаралар қабылдайды.

Адам саудасы жөніндегі ұлттық заңнама адам саудасына байланысты қылмыстар үшін кінәлілерді жазалау үшін тиімді шараларды қолдануға мүмкіндік береді. Адам саудасы үшін қылмыстық жауапкершілік Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 128-бабында көзделген. Қазақстан Республикасында шетелдік жұмыс күшін тарту және пайдалану қағидаларын бұзу “әкімшілік құқық бұзушылық туралы”Қазақстан Республикасы Кодексінің 396-бабында көзделген әкімшілік жауаптылыққа әкеп соғады.

Адам құқығын бұзатын мәжбүрлі еңбек көші-қонының алдын алуды мемлекеттік ұйымдар ғана емес, қоғамдық ұйымдар да, әрбір азамат әлеуметтік белсенділік арқылы жүргізуі қажет.
Семинарға қатысушылар еңбек көші-қоны мәселелерін реттеу бойынша қолданыстағы халықаралық және ұлттық заңнамамен; еңбек мигранттарына консультациялық қолдау көрсету бойынша жұмыс тәжірибесімен; еңбек мигранттарының құқықтарын бұзғаны үшін қылмыстық және әкімшілік жауапкершілік туралы; заңсыз жұмысқа орналастырумен және жалақыны төлемеумен байланысты мигранттардың еңбек құқықтарын бұзудың практикалық жағдайларымен танысты.

Павлодар облысы аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің «Татуласу орталығының» басшысы М.А. Иванова 87088614656 жедел желі телефоны арқылы еңбек мигранттары мен олардың отбасы мүшелеріне құқықтық қолдау және құқықтық кеңес алу мүмкіндігі туралы айтып берді.

Еңбек мигранттарымен түсіндіру жұмыстарын жүргізу, жұмыс берушілермен еңбек мигранттарының құқықтарының бұзылуының алдын алу және ескерту мақсатында көшіп-қонушылардың еңбек құқықтарын сақтау мәселелерін талқылау, еңбек мигранттарына құқықтық қолдау көрсету Павлодар облысы аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің татуласу орталығы жұмысының талап етілетін бағыттары болып табылады.