Бастауыш кәсіподақ ұйымы – еңбеккердің қорғаны

Эльмира Бузекеева – өз ісіне адал берілген, бастауыш кәсіподақ ұйымының төрайымы болған қарапайым еңбек адамы. Ол Батыс Қазақстан облысы, Шыңғырлау ауданында 1968 жылы дүниеге келген. Еңбек жолын Ақтөбе қаласының қаржы бөлімінде жетекші маман қызметінен бастаған. Мемлекеттік қызметте қалалық, одан әрі облыстық қаржы басқармасында бас маман, бөлім басшысы лауазымдарын атқарып, қаржы саласында мол тәжірибе жинақтаған. Ақтөбе облысы қаржы басқармасында жұмыс жасап жүрген кезінде бастауыш кәсіподақ ұйымының төрайымы болған.

«Кәсіподақ мүшелерінің еңбек құқытарын қорғау, оларға әлеуметтік әріптес – жұмыс беруші арасында ынтымақ пен сенімге негізделген тығыз байланыс орнату маңызды. Мемлекеттік қызметшілердің мұң мұқтажына, талаптарына дер кезінде құлақ аса білуіміз керек», – деп санайды Эльмира Аманкелдіқызы.

Қазіргі уақытта тексеру комиссиясында мемлекеттiк аудитті және қаржылық бақылауды жүзеге асыруға зор үлесін қосуда.

Биылғы «Бастауыш кәсіподақ ұйымы» жылында бастауыш ұйымдардың мүшелеріне «Қызмет» салалық кәсіподағы тарапынан жіті көңіл бөлініп отыр. Бастауыш ұйым мүшелерімен онлайн семинарлар да ұйымдастырылып тұрады.

Осы жылдар ішінде еңбегі еленіп, кәсіподақ тарапынан да алғыс хаттармен марапатталды.

Ол «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл» мерекелік медалінің иегері. «Кәсіподақ -әркез жұмысшы тірегі», – дейді Эльмира Бузекеева.