Қауіпсіздік шаралары қабылданды

COVID-19 алдын алу және оған қарсы күрес бойынша карантиндік талаптарды күшейту кезеңінде Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының «Қарағандыапрофсервис» ЖШС қоғамдық объектінің аумағында профилактикалық дезинфекция жүргізді.

«Қарағанды қаласының дезинфекция» ЖШС арнайы дайындалған қызметкерлері Қарағанды облысының Кәсіподақтар үйі ғимаратының барлық аумағын, атап айтқанда жұмыс кабинеттерін, дәліздерді, есіктерді, шкафтарды және жалпы пайдалану орындарын қажетті дезинфекциялық ерітіндімен жабдықталған құралдармен өңдеп шықты.

Қызметкерлер мен келушілердің денсаулығына қауіп төндірмеу үшін дезинфекция жұмыстары жұмыс кестесінен тыс уақытта жүргізілді.

Коронавирустың қазіргі жағдайы денсаулыққа және өмірге қауіпті инфекцияның таралуын болдырмас үшін айналамыздағы тазалықты сақтаудың қаншалықты маңызды екенін еске салды. Бөлмелерді өңдеу эпидемияға қарсы шаралардың ажырамас бөлігі болып табылады.