Қ. Шаңғытбаев атындағы жалпы білім беретін мектебінің кәсіподақ ұйымы аудан бойынша «Ең үздік бастауыш кәсіподақ ұйымы» атанды. Ал Талдысай мектебінің ұжымы әзірлеген кәсіподақ қызметі туралы бейнеролик «үздік» деп танылды. Жеңімпаздар байқаудың облыстық кезеңінде бақ сынайды.
Аталған конкурс ҚР Кәсіподақ федерациясы жариялаған «Бастауыш кәсіподақ ұйымы жылы» аясында ұйымдастырылды. Басты мақсат – қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағы ұйымдарының мәртебесін арттыру және жағымды имиджін қалыптастыру, кәсіподақ ұйымдарының белсенді қоғамдық ұстанымын насихаттау, байқау шараларына кәсіподақтың жаңа мүшелерін, жастарды барынша тарту.
Жарыс жеңімпаздары мен өзге де қатысушыларды Әйтеке би аудандық кәсіподақ ұйымының төрағасы З.Бекетов және аудандық білім бөлімі басшысының м.а. Р.Нұрғабыл құттықтап, дипломдар мен қаржылай сыйақы табыстады.