«Қалың қалай, бастауыш ұйым?» акциясы аясында кездесу ұйымдастырылды

“Қазақстандық салалық мәдениет, спорт, туризм және ақпарат қызметкерлерінің кәсіптік одағы” қоғамдық бірлестігінің Шымкент қалалық филиалының төрағасы Руслан Шеримов «Қалың қалай, бастауыш ұйым?» акциясы аясында қалалық Саяси қуғын-сүргін құрбандарына арналған музейінде кездесу өткізді.

Кездесуге қадірлі қонақ ретінде мәдениет қайраткері, “Қазақстандық салалық мәдениет, спорт, туризм және ақпарат қызметкерлерінің кәсіптік одағы” қоғамдық бірлестігінің Түркістан облыстық филиалының төрағасы Бастарбек Пірімбетов қатысты.

Шымкент қалалық Саяси қуғын-сүргін құрбандарына арналған музейінде тарихымызбен қаңқұйлы жылдардың болған оқиғасымен, оның жазықсыз құрбаны болған азаматтардың есімдерімен, қазақ зиялыларының демократиялық мәндегі еңбектерімен және ұлттың мәдени құндылықтарымен толық танысуға болады.

Музейде 25 қызметкер жұмыс істейді. Барлығы да – кәсіподақ мүшелері.

Кездесу барысында музей директоры Батырғазы Арғынғазыұлы 60 жасқа толуына орай марапатталып, мерейтой иесіне шапан жабылды.