Аға буын өкілдеріне – құрмет пен қамқорлық

Ежелгі философ Конфуций айтқандай, «Қамқорлық, яғни басқаларға көңіл бөлу – бұл жақсы өмірдің және жақсы қоғамның негізі».

Қарағанды облысының Кәсіподақтар орталығы аға буын өкілдеріне әрдайым алғыспен, бар ықыласпенен қарайды.

Ленченко Тамара Дмитриевна – еңбек ардагері, осы көктемтің шуақты күндері өзінің 80 жылдық мерейтойын қарсы алуда. Кәсіподақ мүшелері карантиннің санитарлық нормаларын сақтай отырып, Тамара Дмитриевнаны үйіне құттықтап барды. Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының Қарағанды облысы Кәсіподақтар орталығы туған күн иесіне жылы лебіздерін білдіріп, сыйлық табыс етті.