«Түркістан облысы кәсіподақтар орталығы» АКБ-де Үйлестіру кеңесінің отырысы өтті

“Түркістан облысы кәсіподақтар орталығы” аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы Бердіғали Өмірәлі төрағалығымен өңірлік салалық кәсіподақ басшыларымен кездесу өтті.

Кеңес отырысында бастауыш кәсіподақ ұйымдарын ашу, «Еңбек ел мұраты», сондай-ақ «Қалың қалай, бастауыш ұйым?» акциялары шеңберіндегі жұмыстардың қарқыны пысықталды. Күн тәртібінде ҚРКФ төрағасы С.Даулеталиннің Түркістан облысындағы бастауыш кәсіподақ ұйымдарымен кесте бойынша онлайн форматта кездесуді ұйымдастыру жайы талқыланды.

Бұдан бөлек, Қазақстан Республикасының Үкіметі, жұмыс берушілердің республикалық бірлестіктері мен кәсіптік одақтардың республикалық бірлестіктері арасындағы 2021-2023 жылдарға арналған Бас келісім жобасының орындалу барысы айтылды.

Кеңес отырысына қатысқан салалық және жергілікті кәсіподақ ұйымдарының төрағалары пандемияның салдарынан жұмыс орындарында кездесіп жатқан бірқатар мәселелерді айтып, ұсыныстарын жеткізді.