Кәсіподақ комитетінің жұмысы тиімді әлеуметтік әріптестік қағидаттарына негізделген

«Астана бас жоспары» ғылыми-зерттеу жобалау институты» ЖШС қала құрылысы саласында ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүзеге асыру, сәулет қызметі саласында әдістемелік құралдарды, ұсыныстарды және нормативтік-техникалық құжаттаманы әзірлеумен айналысады.

“Астана бас жоспары “ҒЗЖИ” ЖШС-нің бастауыш кәсіподақ ұйымын болжау және қаржы бөлімінің топ жетекшісі Жанар Баилева басқарады.

«Кәсіподақтардың негізгі функциясы – жұмысшылардың еңбек және әлеуметтік-экономикалық құқықтарын қорғау, бұл бұрыннан қалыптасқан тарихи функция. Басты міндетіміз – жұмыс беруші мен жұмысшы арасында алтын көпір орнату», – дейді кәсіподақ төрағасы Ж. Баилева.

Еңбек ұжымында әріптестері Жанар Баилеваның жауапкершілігін, кәсібилігін, алға қойға міндеттерді орындауда бар күш-жігерін салатындығын бағалайды. Сондықтан ұйымның кәсіподақ комитетінің мүшелері ұжымдық шарт талаптарының орындалуын, барлық қауіпсіздік нормаларының сақталуын қатаң қадағалайды, жиналыстарда еңбек жағдайларын жақсартатын және кәсіподақ мүшелерінің жалақысын көтеру жөнінде ұсыныстар енгізеді.

Ағымдағы жылдың басында жұмыс беруші мен кәсіподақ комитеті арасында 2021-2023 жылдарға арналған жаңа Ұжымдық шарт жасалған. Онда ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі мен «Құрылыс кешені және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық жұмысшыларының салалық кәсіподағы» ҚБ арасында жасалған Салалық келісім негізінде инфляция деңгейі шегінде жалақыны жыл сайын индекстеу туралы тармақ енгізілген.

Кәсіподақ комитеті тараптар қабылдаған міндеттемелердің орындалуын бақылауға үлкен көңіл бөледі. Кәсіпорында келісім комиссиясы құрылған, алайда кәсіподақ ұйымы жұмыс істеген уақыт ішінде еңбек даулары туындамаған. Бұл қызметкерлер мен жұмыс беруші арасындағы оң әлеуметтік әріптестікті көрсетеді.

Қазіргі уақытта нақты штаттағы 153 қызметкердің 92%-ы кәсіподақ құрамында. Олардың 60%-ын 35 жасқа дейінгі жастарды құрайды. Жастарға тәлімгерлік бойынша оқыту іс-шаралары тұрақты жүргізіліп отырады.

“Астана бас жоспары “ҒЗЖИ” ЖШС-нің бастауыш кәсіподақ комитетінің жұмысы тиімді әлеуметтік әріптестік қағидаттарына негізделген.