«Nur Otan» партиясы Павлодар облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары, облыстық мәслихат депутаты Илья Теренченко және облыстық аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы, облыстық мәслихат депутаты Динара Айтжанқызы бірлескен қабылдау өткізді.
⠀
Қабылдау «Nur Otan» партиясының Павлодар қалалық филиалының алаңында өтті. Депутаттардың қабылдауына облыс орталығының тұрғындары, ерекше қажеттіліктері бар адамдар жазылды.
Өтініш берушілер тұрғын үй жәрдемақысын төлеу және жалға берілетін тұрғын үй алу мәселелері бойынша өтініш білдірді.
⠀
Барлық сұрақтар бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасы аясында түсініктемелер беріліп, депутаттық бақылауға алынды.