Еңбегімен елге сыйлы

Казлаускас Зоя Кузьминична 1960 жылы Целиноград облысы, Атбасар ауданы, Бауманское ауылында дүниеге келген. 1967 жылдан 1977 жылға дейін Атбасар қаласында № 4 орта мектепте оқыды. 1979 жылы Целиноград ауылшаруашылық институтына оқуға түсіп, жерге орналастыру мамандығы бойынша факультетін тәмамдады.

Институт түлектерін жұмысқа орналастыруға бөлу кезінде, жерге орналастыру инженері атанған жас маман алғашқы еңбек жолын 1985 жылы Целиноград қаласындағы «Целингипрозем» мемлекеттік жобалау институтының бөлімшесінде бастайды.

Зоя Кузьминична: «90-шы жылдардың басындағы қайта құру кезінде «Целингипрозем» мекемесін Көкшетау облыс орталығына ауыстырды. Бірақ, жолдасымның жұмысы мен баспанамыз Целиноградта болғандықтан, Көкшетау өңіріне барудан бас тарттым, сол себепті жұмыстан қысқартуға жіберді. Біраз уақыт бала тәрбиесімен үйде отырдым. Кейін «Сәулет бюросы» мемлекеттік кәсіпорнының өндірістік тобының инженері болып орналастым»,-дейді.

2001 жылдан бастап «Горархитектура» мемлекеттік кәсіпорнының құжат айналымы бөлімінің бас маманы болып жұмыс істеді. 2008 жылы «Астанагорархитектура» ЖШС шектеулі материалдармен жұмыс бөлімінің бастығы болып тағайындалады. 2010 жылдан бастап «Астанагорархитектура» ЖШС әкімшілік аппаратының арнайы жұмыстар бойынша бас маманы, 2018 жылдан бастап Мемлекеттік құпияларды қорғау жөніндегі бөлімінің бас маманы болып қызмет атқарып келеді.

Ол өз қызметінде сапалы жұмыс атқарып, еңбекқорлығымен, ұқыптылығымен ерекшеленеді. Еңбек жолында жинақталған мол тәжірибесімен әріптестеріне әрдайым құнды кеңестер беріп, көмектесуге дайын.

Зоя Кузьминична «Астанагорархитектура» ЖШС бастауыш кәсіподақ ұйымы құрылған кезден бастап кәсіподақ мүшесі, кәсіподақ комитетінің белсенді мүшесі, ұжымда бедел мен құрметке ие.

Еңбеккер әйел, сүйікті ана, отбасы-ошағының қамқоршысы Зоя Казлаускас қарапайым еңбегімен отандық өндірістің ілгерілеуіне, ел экономикасының болашағына зор үлесін қосып келеді.