“Майқайыңалтын” АҚ акционерлік қоғамы – құрамында алтыны бар кендерді өндіру және қайта өңдеу бойынша Қазақстанның жетекші кәсіпорындарының бірі. Акционерлік қоғамның негізгі байлығы – еңбек ұжымы, оның саны 874 қызметкерді құрайды.
“Майқайыңалтын” АҚ-ның барлық жұмыскерлері кәсіподаққа кіріп, Любовь Новикованың төрағалық етуімен бастауыш кәсіподақ ұйымына бірікті. “Майқайыңалтын” АҚ кәсіподақ комитетінің есебінде көптеген игі істер бар.
Әлеуметтік әріптестік шеңберінде 2020-2023 жылдарға Ұжымдық шарт жасалды, онда еңбек заңнамасында көзделгендерден басқа, кәсіподақ мүшелері үшін қосымша жеңілдіктер мен кепілдіктер бар. Еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғауға қоғамдық бақылауды кәсіподақ сайлаған еңбекті қорғау жөніндегі 7 техникалық инспектор жүзеге асырады.
Кәсіподақ ұйымы қызметкерлерді сауықтыру үшін кәсіподақ қаражаты есебінен кәсіподақ мүшелері үшін “Мойылды”, “Щучинск”, “Жаңақорған” санаторийлерінің кәсіподақ сауықтыру орындарына санаторий-курорттық емделуге жолдамалардың 70% құнын өтейді.
Коронавирустық инфекция пандемиясы кезінде еңбек ардагерлеріне кәсіподақтардың көмегі көрсетілді.
Қазақстанда covid-19 коронавирустық инфекциясынан ерікті вакцинациялау кезеңінің басынан бастап “Майқайыналтын” АҚ-ның барлық қызметкерлері аурудың алдын алу тәсілі ретінде вакцинацияны қолдауды жақтады. “Майқайыңалтын” АҚ-ның 300-ден астам қызметкері Майқайың кентінің ауылдық учаскелік ауруханасында COVID-19-ға қарсы вакцинациядан өтті. Бастауыш кәсіподақ ұйымының төрайымы Л.Новикова кәсіподақ көшбасшысы бола отырып, алғашқылардың бірі болып Гам-Ковид-Вак (Спутник V) қабылдаудың екі кезеңінде вакцинациялаудан өтті.
Бастауыш кәсіподақ ұйымына жүз пайыз мүшелік жұмыскерлердің кәсіподаққа деген толық сенімін және кәсіпорында әрекет ететін әлеуметтік әріптестіктің жоғары деңгейін растайды.