2021 жылғы 15 сәуірде Павлодар облысының мектептері мен колледждерінде мектеп/студенттік медиация “Мектеп/колледж-жанжалсыз аумақ” жобасы шеңберінде “Медиация және құқық негіздері” IV облыстық құқықтық турниріне дайындық бойынша іріктеу турлары басталды.
Павлодар облысының аумақтық кәсіподақтар бірлестігі педагогтарға, ата-аналар жұртшылығына, студенттер мен оқушыларға арналған білім беру семинарларына қатыса отырып, мектеп медиациясы жобасын қолдайды.
2021 жылғы “Медиация және құқық негіздері” құқықтық турнирінің жаңа маусымына Павлодар облысының аумақтық кәсіподақтар бірлестігі оған қатысушылар үшін еңбек құқығы және кәсіподақтар тарихы мәселелерін дайындады.
Турнирге қатысушылар: визитка, зияткерлік биатлон (медиация, құқық, еңбек заңнамасы және жанжал психологиясы бойынша күрделіліктің үш деңгейіндегі сұрақтарға жауаптар), капитандар конкурсы, оқу орнындағы Медиация туралы бейне-сюжеттер конкурсы және “Медиация туралы әндер” музыкалық конкурсы өтеді.
Жыл сайынғы іс-шара кәмелетке толмағандар арасындағы құқық пен медиацияға үлкен қызығушылық тудырады, жанжалдың ерте сатысында медиацияны қолдану арқылы құқық бұзушылықтың алдын-алу мақсатына қол жеткізеді.
Медиацияны білім беру ортасына енгізу жөніндегі жоба Мектеп медиациясы – азаматтық қоғамды дамытуға және осы процеске жас ұрпақты тартуға жасалған тағы бір қадам екенін көрсетті.