«Ақтөбе облысының еңбек инспекциясы жөніндегі басқармасы» ММ басшысының орынбасары Бауыржан Уразаевты 63 жасқа толған мерейлі сәтімен құттықтады.
27 жыл мемлекеттік қызмет саласында атқарған нәтижелі еңбегі мен қоғамымыздың игілігі жолындағы адал қызметі үшін Бауыржан Уразаев «Еңбек ардагері» медалімен, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі С.Шәпкеновтің, облыс әкімі О.Оразалиннің, Ақтөбе облысы кәсіподақтар орталығының басшысы А.Әмірғалиевтің алғыс хатымен марапатталды.
Сондай-ақ, жұмысшылардың еңбек құқықтарын сақтауда бірлесе атқарған жұмысы үшін «Қызмет» салалық кәсіподағы Ақтөбе облыстық филиалының төрайымы Мухтарита Сағындықова «Мемлекеттік қызметтің дамуына қосқан үлесі ушін» төсбелгісін табыстады.