Байқауға аудандағы білім беру мекемелерінің бастауыш кәсіподақ ұйымдары қатысып, өзара іс-тәжірибелерімен бөлісті.
Шара барысында барлық санитарлық талаптар сақталды.
Үздік ұйым еңбек құқығын қорғау бағытындағы жұмыс портфолиосы мен видеороликтер арқылы зерделенді. Сайыс қорытындысы бойынша жүлделі орын иеленген бастауыш кәсіподақ ұйымдары дипломмен және сыйақылармен марапатталды.