«Ректор кубогі» үшін бақ сынасты

І. Жансүгіров атындағы Жетісу университетінде спортклуб пен кәсіподақ филиалының ұйымдастыруымен оқытушы-профессорлар құрамы мен бөлім қызметкерлері арасында онлайн форматта «Ректор Кубогі» үшін шахматтан турнир ұйымдастырылды.

Іс-шара мақсаты қатысушыларды жылдам ойлануға, шешім қабылдауға және әріптестер арасында достық қарым-қатынасты дамытуға бағытталды.

Басқарма төрағасы-ректор, г.ғ.д., профессор Баймырзаев Қуат Маратұлы шараның ашылу салтанатында сөйлеген сөзінде: «Біздің негізгі мақсатымыз жас ұрпақты халқына қалаулы, дені сау, сымбатты, шыныққан, бәсекеге қабілетті, адамгершілігі мол азамат етіп тәрбиелеу» деп іс-шараның маңыздылығын атап өтті.

Жарысқа 20 дан астам адам қатысып, өз шеберлігін көрсете білді.

Жекелей сында онлайн форматта өткен жарыстың қорытындысы бойынша келесі орындар анықталды:

Ерлер арасында:

І орын    –   Сакибаев Спартак  (Техникалық факультеті, 5-ұпай)

ІІ орын  –   Мукушев Әлішер  (Ректорат құрамасы, 4-ұпай)

ІІІ орын  – Тохтаров Ақниет  (Дене шынықтыру факультеті, 3-ұпай)

Әйелдер арасында:

І орын   –   Оспанова Жансая  (Ректорат құрамасы, 7-ұпай)

ІІ орын   –  Кеңжасарова Әйгерім (Құқық және экономика факультеті, 5-ұпай)

ІІІ орын  – Омарова Гуля (Zhansugurov college, 5-ұпай)

Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар болып жүлделі орынға ие болған жеңімпаздарға Басқарма төрағасы – Ректор кубогі, медаль, ақшалай сертифаттар мен дипломдар табысталды.