Бастауыш кәсіподақ ұйымы «үздік» деп танылды

«Үздік бастауыш кәсіподақ ұйымы» және «Кәсіподақ қызметі туралы үздік бейнеролик» байқауы Алға ауданында жоғары деңгейде ұйымдастырылды. Сайысқа 25 бастауыш кәсіподақ ұйымы қатысып, жұмыстарын ұсынды.

Байқау қорытындысы бойынша, Бестамақ орта мектебінің бастауыш кәсіподақ ұйымы «үздік» деп танылды. Ал, № 3 Алға қазақ орта мектебі және мектепке дейінгі ұйымдар арасында Тоқмансай ауылының «Айналайын» балабақшасы «Үздік бейнеролик иегері» атанды.

Байқауға қатысқан қатысушылар Алғыс хатпен марапатталды.