Шаһарда екі айлық абаттандыру, санитарлық тазалау жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Игі істен Ақтөбе облысының білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподақ ұйымы да қалыс қалмады.
Тазалық акциясына аппарат мүшелері, Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті, Ақтөбе жоғары политехникалық колледжі және білім-инновация лицейінің бастауыш кәсіподақ мүшелері қатысты. Олар Сәңкібай батыр даңғылы бойындағы скверді тұрмыстық қалдықтардан тазалап, ағаштардың түбін қопсытты.
«Тазалық өзімізден басталады. Болашақ ұрпаққа таза табиғат әлемін қалдырамыз десек, әркім өз ісіне салғырт қарамауы керек»,- дейді акцияға қатысушылар.