Бастауыш кәсіподақ ұйымына құқықтық көмек көрсетілді

Денсаулық сақтау субъектілерінің бастапқы ұйымдарына ұйымдастырушылық-әдістемелік көмек көрсету шеңберінде “SENIM” Денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіптік одағы” РҚБ-ның нормативтік құжаттарына сәйкес сәуір айынан бастап “SENIM” Денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіптік одағы” РҚБ Павлодар облыстық филиалы өкілдерінің облыстың бастауыш ұйымдарына шығуы басталды.

20 сәуірде кестеге сәйкес филиал өкілдері ШЖҚ “Май аудандық ауруханасы” КМК және “Павлодар облыстық мүмкіндігі шектеулі адамдарды оңалту орталығы”КММ-де болды.

Май аудандық ауруханасының штатында 203 қызметкер жұмыс істейді, оның ішінде 197 қызметкер кәсіподақ ұйымының мүшесі болып табылады, бұл 97% құрайды. Аудандық аурухана халыққа білікті және мамандандырылған медициналық көмек көрсетеді. Тәулік бойы және күндізгі стационардың төсектері жұмыс істейді.

Аудандық аурухана құрамына 3 дәрігерлік амбулатория, 2 фельдшерлік-акушерлік пункт және 10 медициналық пункт кіреді. Жас мамандарға “Дипломмен ауылға!”100 АЕК көлемінде, республикалық бюджеттен тұрғын үй сатып алуға пайызсыз несие 1500 АЕК (4 375 500 теңге). Ведомстволық тұрғын үй ұсынылады (аудандық аурухана жанындағы жатақхана, пәтер).

“Павлодар облыстық мүмкіндігі шектеулі адамдарды оңалту орталығы” КММ штатында 43 қызметкер жұмыс істейді, 100% кәсіподақ мүшелері. Орталық облыс тұрғындарына жіті ми қан айналымының бұзылу салдары және бас миы мен омыртқа жарақатынан кейінгі операция жасалған науқастар сияқты аурулармен білікті медициналық көмек көрсетеді.

Ауруханалардың кәсіподақ комитетінің мүшелері кәсіподақ жұмысының барлық бағыттары бойынша “Павлодар облысының Кәсіподақ Орталығы” аумақтық бірлестігі мен Павлодар облыстық филиалы өткізетін оқытуларға белсенді қатысады. Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан шипажайларда курорттық-сауықтыру емін алатын кәсіподақ мүшелері үшін 2021 жылға арналған кестелер бар.

Жыл бойы кәсіподақ комитетімен жұмыскерлердің әлеуметтік-еңбек қатынастарына (еңбек нормалары, еңбекке ақы төлеу, мереке алдындағы және мереке күндеріндегі жұмыс, еңбекті қорғау мәселелері, қызметкерлерді емдеу, сауықтыру және демалысын ұйымдастыру мәселелері және т.б.) қатысты бұйрықтар мен өкімдер келісілді. Бастауыш кәсіподақ ұйымының істер номенклатурасы “SENIM “Денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіптік одағы”РҚБ-ның бекітілген номенклатурасына сәйкес жүргізіледі.

Нормативтік-құқықтық актілер, отырыс хаттамалары, жүргізілген жұмыс туралы есептер бар. Аурухана кәсіподағының қызметі туралы ақпарат берілетін кәсіподақ бұрышы бар. 2020 жылғы желтоқсаннан бастап қызметкерлерге Отын және коммуналдық қызметтер үшін шығыстарды өтеу жүргізіледі. Бұдан басқа, жұмыскерлер жеке қорғаныш құралдарымен 5 жылда 1 рет қамтамасыз етіледі.

“SENIM” кәсіподағының облыстық филиалының өкілдері аудандық аурухана және мүмкіндігі шектеулі жандарды оңалту орталығының жұмысшыларымен кездесіп, оларға сұрақтар қойып, толық жауаптар алды.