ҚРКФ Бас кеңесінің 2020 жылғы 23 желтоқсандағы №6.5 қаулысымен ағымдағы 2021 жыл бастауыш кәсіподақ ұйымы жылы болып жарияланды. «Құрылыс кешені және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық жұмысшыларының салалық кәсіподағы» ҚБ «Астана» қалалық филиалының құрамына кіретін бастауыш кәсіподақ ұйымдарының жұмысы еңбек адамының құқықтары мен мүдделерін қорғаудың бірыңғай тетігі ретінде жұмыс істейді.
“Астана-Зеленстрой” ЖШС кәсіподақ комитетінің қызметі кәсіподақ Жарғысының және Ұжымдық шарттың талаптарына негізделеді. Кәсіпорын әкімшілігі мен кәсіподақ комитетінің бірлескен күш-жігерімен өндірістік учаскелердегі қызметкерлердің ауыр еңбегін жақсартуды қамтамасыз ететін ұжымдық шарт талаптары әзірленді. Бұл ретте кәсіподақ көшбасшысы Рүстем Токходжаевтың қызметі маңызды рөл атқарады.
Рүстем Токходжаев – “Астана-Зеленстрой” ЖШС жасыл құрылыс қызметінің инженері. 2005 жылдан бастап кәсіпорында жұмыс істеген уақыттан бері өзінің кәсіби деңгейін үнемі арттырып, жұмысшыдан жасыл құрылыс инженеріне дейін көтерілді. Өндірістен қол үзбей С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің “егіншілік, топырақтану, өсімдік шаруашылығы, орман шаруашылығы, өсімдіктерді химиялық қорғау, гүл шаруашылығы” біліктілігін арттыру курсын аяқтап, ауыл шаруашылығы бакалавры мамандығы бойынша жоғары білім алды.
Әріптестерінің қолдауымен Р.Токходжаевтың қызметке адалдығы, бастамашылығы, жауапкершілігі және іскерлік қабілеттері ескеріліп, 2020 жылдың қазан айында конкурстық негізде «Астана-Зеленстрой» ЖШС жұмыскерлерінің жергілікті кәсіподақ ұйымының төрағасы болып сайланады. Ол жасыл құрылыстағы озық отандық және шетелдік тәжірибе мен технологияны жетік білетін маман. Мамандарды даярлауға зор үлесін қосып, тәлімгерлік жасап келеді.
Қазіргі таңда кәсіпорындағы жұмысшылар саны 846 адамды құрайды, оның 74% кәсіподақ мүшелері. Қысқа мерзім ішінде кәсіподақ төрағасы лауазымында Рүстем Токходжаев өзін қызметкерлермен де, кәсіпорын басшылығымен де қарым-қатынаста өзін дипломатиялық, мақсатты және көпшіл ретінде танытты.
Әлеуметтік әріптестіктің негізгі қағидаттарын іске асыру, еңбек заңнамасының сақталуын бақылау жергілікті кәсіподақ қызметінің ажырамас бөлігі болып табылады. Ұжымда барлығы кәсіподақтың қатысуымен және оның пікірі ескеріле отырып жасалады. Бұл кәсіподақ комитеті төрағасының белсенді өмірлік ұстанымы мен кәсібилігінің нәтижесі болып табылады.
Кәсіподақ комитеті Ұжымдық шарт арқылы қосымша өтемақы және ынталандыру үстемелері сияқты жеңілдіктерді қол жеткізді:
– автокөлік жүргізушілері мен машинистерге сыныптылығы үшін 10-нан 25%-ға дейін;
– бригадаға басшылық еткені үшін 10-нан 25-%-ға дейін;
– уақытша болмаған қызметкердің міндеттерін орындағаны үшін;
– қызмет көрсету аймағын кеңейткені үшін жалақыны кемінде 30%-ға дейін;
– жасыл желектерді қорғау қызметінің қызметкерлеріне зиянды еңбек жағдайлары үшін лауазымдық жалақыдан 16% мөлшерінде көтеруді белгіледі.
Сондай-ақ, еңбек демалысының ұзақтығы күнтізбелік 30 күн, ал зиянды еңбек жағдайларында күнтізбелік 36 күнді құрайды. Егер жұмысшы жұмыста жарақат алса, күнтізбелік 60 күн ішінде орташа жалақысының 100% мөлшерінде еңбекке жарамсыздық парақтарын төлеу қарастырылған.
Кәсіподақ комитеті өз мүшелерінің еңбекті еркін таңдауын немесе еңбекке қандай да болмасын кемсітушіліксіз және мәжбүрлеусіз еркін келісуге құқығын, өзінің еңбеккке қабілеттілігіне иелік етуін, кәсіп пен қызмет түрін таңдауын, сондай-ақ заңмен белгіленген ең төменгі жалақы мөлшерінен төмен емес жұмыс үшін еңбекақы төлеу құқығын қорғайды.