Бастауыш кәсіподақ ұйымы жылына орай, Шалқар ауданында «Кәсіподақтың үздік бастауыш ұйымы», «Кәсіподақ қызметі туралы үздік бейнеролик» республикалық байқауларының аудандық кезеңі өтті.
Мақсаты қызметкерлердің әлеуметтік-экономикалық, еңбек құқықтары мен заңды кәсіби мүдделерінің тиімді қорғалуын қамтамасыз етуші қуатты ұйымның қызметін көпшілікке паш ету болып табылады. Байқауға қатысушы білім беру мекемелерінің бастауыш кәсіподақ ұйымдары өздерінің әлеуметтік әріптестік тәжірибесі, еңбек заңнамасын қадағалауға қоғамдық бақылауды жүзеге асыру, құқықтық көмек көрсету, ұйымда келісу комиссиясының болуы және оның жұмысы, мәдени-бұқаралық, спорттық және дене шынықтыру-сауықтыру шараларын өткізу, кәсіподақ мүшелерінің сауықтыру бағытында жүргізген жұмыстарын ұсынды. №6 орта мектебі және Шалқар ауданының Саз мектебінің жұмыстары “үздік” деп танылып, облыстық кезеңге жолданды.
Қатысушыларға аудандық білім қызметкерлері кәсіподағы тарапынан диплом мен қаржылай сыйақы табысталды.