Тартудың бірі – кәсіподақ мүшелерінің қатарын көбейту. «Қызмет» салалық кәсіподағы Түркістан облыстық Шардара аудандық филиалының қатары тағы бір бастауыш ұйыммен толықты.
Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасының Шардара аудандық бөлімінің «Балауса» бөбекжай балабақшасы ұжымында бастауыш кәсіподақ ұйымын құру туралы жиналыс өтті.
Жиналысты «Балауса» бөбекжай балабақшасының меңгерушісі Эльмира Қалмырза жүргізіп отырды.
«Қызмет» салалық кәсіподағы Түркістан облысы Шардара аудандық комитетінің төрайымы Бахыткүл Биманова: «Кәсіподақ – оған мүше болған жұмыскерлердің әлеуметтік-еңбек құқықтары мен мүдделерін білдіру және қорғау құқығына ие бірден-бір заңды және тәуелсіз қоғамдық ұйым», – дей отырып, кәсіподақтың маңыздлығын түсіндірді.
Ұжым қызметкерлерінің қатысуымен өткен жиында бірауыздан кәсіподақ ұйымы құрылып, бастауыш кәсіподақ ұйымының төрайымы болып Жанерке Козжанова сайланды.
Аудандық кәсіподақ комитеті 36 кәсіподақ мүшесімен толықты.