Ең өзекті мәселе – еңбекті қорғау

ХЕҰ мәліметтері бойынша жыл сайын дүние жүзі бойынша 2,3 млн. астам еңбеккерлер жұмыс орындарында жазатайым жағдайдан немесе кәсіби аурулардың салдарынан қаза болады. ТМД елдерінде жыл сайын 12 миллионға жуық адам өндірістегі жазатайым жағдайдың құрбаны болады.

Бүгінгі таңда, ҚР Кәсіподақтар федерациясының қызметінде еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселесі басым бағыттардың бірі болып табылады. Осы орайда, кәсіпорында бекітілген еңбек, ұжымдық шарттарда әр жұмысшының денсаулығы мен жұмысқа қабілеттілігін сақтау басты орында болуы тиіс.

️Дүниежүзілік еңбекті қорғау күні жұмыс орнында кәсіби аурулар мен жарақаттанудан сақтануға, зардаптардың алдын алу үшін дайын болуға шақыратын күн. Ол жұмыс беруші болсын, ол кәсіподақтар болсын, бәріміз бір нәрсені ескеруіміз қажет: еңбекті қорғау мәдениетінің жоқтығы – жұмысшы денсаулығына немесе оның бүкіл өміріне өзінің кері әсерін тигізуі мүмкін.

Еңбекті қорғаудың маңыздылығы 2016 жылдан бастап қолданысқа енгізілген Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексінде көрсетілген. (ІV бөлім, Еңбек қауіпсіздігі мен қорғау 179-190 баптары, яғни 12 баптар арналған).