28 сәуір Дүниежүзілік еңбекті қорғау күніне орай «ҚТЖ» ҰК» АҚ – «Қырқыншы машиналандырылған жол дистанциясы» филиалында бастауыш кәсіподақ ұйымының ұйымдастыруымен мәжіліс өтті.
Кәсіподақ комитетінің төрағасы Оразалы Ерубаев әріптестеріне биыл Халықаралық еңбек ұйымы жариялаған Дүниежүзілік еңбекті қорғау күнінің тақырыбы «Дағдарысты алдын ала болжау, оған дайындалу және ден қою – тұрақты қауіпсіздік жүйелеріне қазірден инвестиция салу» үндеуін оқып ақпарат берді.
Үндеуде 2020 жылдың басында жаһандық дағдарыс басталғаннан бастап, COVID-19 пандемиясы жұмыс орнында вирустың пайда болу қаупінен бастап, вирустың таралуын азайту шараларынан туындаған еңбек қауіпсіздігі мен денсаулық сақтау қауіптеріне дейінгі еңбек саласының барлық аспектілеріне әсер етті.
Қазіргі дағдарыс еңбекті қорғаудың осы жүйелерін, соның ішінде еңбекті қорғау қызметтерін ұлттық және корпоративтік деңгейде нығайтудың маңыздылығын көрсетеді.
ХЕҰ осы мүмкіндікті пайдаланып, COVID-19 індетінің жұмыс орнында таралуын азайту мен алдын-алудың аймақтық және елдік мысалдарына сүйене отырып, тұрақты еңбек қорғау жүйелерін құру мен инвестициялаудың маңыздылығы туралы хабардар болуды және диалогты ынталандыруды ұсынады деп айтылған.
Халықаралық еңбек ұйымының бағалауы бойынша әлемде күніне 6300 адам өндірістік жарақаттан және кәсіптік аурулардан қайтыс болады, бұл жылына шамамен 2,3 млн адам. Оның ішінде шамамен 1,7-2 млн-ы еңбекке байланысты аурулардан көз жұмады.
Мәжіліс соңында кәсіподақ комитетінің төрағасы О.Ерубаев Дүниежүзілік еңбекті қорғау күніне теміржол, автомобиль, әуе және су көлігі қызметкерлерінің салалық кәсіподағының “Астана” филиалының төрағасы С. Сәрсекеевтің атынан «Қырқыншы машиналандырылған жол дистанциясы» филиалының қауіпсіздік техникасы жөніндегі инженерлері Ж.Данияровқа, Ж. Макишеваға және Е.Әскеровке Құрмет Грамотасын тапсырды.