28 сәуір – Дүниежүзілік еңбекті қорғау күніне орай «Qyzylorda» телеарнасының «Қайырлы күн, Қызылорда!» хабарында облыстық кәсіподақтар орталығы төрағасының орынбасары Марат Бәйімбетов сұқбат берді.
Сұқбат барысында Марат Бәйімбетов облыс кәсіподақтары ұйымдарымен еңбекті қорғау және еңбек қауіпсіздігі бойынша атқарылып жатқан жұмыстар туралы әңгімеледі.
Сонымен қатар, телекөрермендерге жұмыс берушілердің қауіпсіз еңбек жағдайын ұйымдастыру бойынша міндеттері, жұмыскерлердің еңбек қауіпсіздігі бойынша жауапкершіліктері, заңнамалық кепілдіктер, жазатайым жағдай орын алғанғандағы тергеп тексеру тәртіптері, оған кәсіподақ өкілдерінің қатысуы, келтірілген зардаптар бойынша төленетін өтемақылар, ұжымдық шарт бойынша берілетін көмектер туралы толық ақпарат берілді.