«Казхром» Трансұлттық компаниясының Ақтөбе филиалы ферроқорытпа зауытының кәсіподақ ұйымы Дүниежүзілік еңбекті қорғау күнінде биылғы «Бастауыш кәсіподақ ұйымы» жылы аясында қызықты сайыстар ұйымдастырды.
Зауыттағы цех комиттетерінің жетекшілері арасында ҚР Кәсіподақтар туралы заңы мен Еңбек кодесіндегі өзгерістер туралы викториналық сауалдар сайысы ұйымдастырылды. Мақсаты еңбек қауіпсіздігі туралы заңнамаларды жете меңгерту, жұмыскерлердің құқықтық сауаттылығын арттыруға бағытталған.
28 сәуір күні жыл сайын дүниежүзінің 100-ден астам елінде аталып өтілетін бұл күнде көпшілктің назарын еңбек қорғаудың өзекті мәселелеріне аудартуға арналған көптеген іс-шаралар өтеді. Қазіргі кезеңде пандемияның алдын алу, жұмысшылардың еңбек қауіпсіздігін жақсарту шараларына көп көңіл бөлінеді.
«Біз зауытта өз цехтарымыз арасында еңбек қауіпсіздігіне жауапты мамандармен тұрақты жұмыс жасаймыз. Осы шара аясында өздерінің білімдері мен жауапкершіліктерін көрсете білген викториналық сайыста озық шыққан кәсіподақ мүшелеріне ақшалай сыйлық пен алғыс хаттар табыс еттік. Бұл шара кәсіподақ мүшелерінің жұмысқа деген ынтасын арттыруға септігін тигізеді.Әрі жастар жаңашылдыққа ұмтылады», – дейді Ақтөбе ферроқорытпа зауыты кәсіподақ комитетінің төрағасы Сапарғали Мұқашев.