Жыл сайын 28 сәуірде Дүниежүзілік еңбекті қорғау күнінде қалыптасқан дәстүр бойынша “Қазақстан теміржол, автомобиль, әуе және су көлігі қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағы” ҚБ Павлодар филиалының теміржол көлігі бастауыш кәсіподақ ұйымдарының өкілдері өндірісте жарақат алумен және мүгедектік тобын анықтаумен байланысты жұмыс істемейтін регрессші қызметкерлермен кездеседі.
Кәсіподақ жетекшілерімен кездесу кезінде теміржол қызметкерлері жұмыс күндері туралы естеліктерімен, отбасылық өмірдегі оқиғаларымен бөліседі. Өз кезегінде кәсіподақ өкілдері жұмыскерлерге еңбегі үшін алғыс айтып, азық-түлік жиынтықтары мен материалдық ынталандыру арқылы қолдау шараларын көрсетеді.
Регрессші қызметкерлермен кездесулер әр уақытта әр жұмыс орнында еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету және сақтау ғана емес, сонымен қатар өндірісте жарақат алған қызметкерлерді қолдау қажеттілігі туралы еске салады.