Пандемиялық дағдарыс жағдайында денсаулық пен қауіпсіздікті нығайту маңызды

2021 жылы 28 сәуірде «Қызмет» мемлекеттік және банктік халыққа қызмет көрсету мекемелері қызметкерлерінің салалық кәсіподағы» ҚБ Қостанай облыстық филиалы облыстық, қалалық филиалдардың төрағалары, бастауыш кәсіподақ төрағаларының, салалық кәсіподақтың еңбек қауіпсіздігі нұсқаушыларының қатысуымен онлайн бейнеконференция өткізді.

Облыстық филиал төрағасы Әсет Досекенов қатысушыларды Дүниежүзілік еңбек еңбекті қорғау күнімен құттықтап, Қостанай облыстық филиалының бастауыш кәсіподақ ұйымдары бүкіл аймақ бойынша еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасына тиесілі назар аударады деген жалпы пікір білдірді.

Конференцияға қатысушылар облыстық, қалалық филиалдардың бастауыш ұйымдарының проблемалық мәселелерімен, оларды жеңу жолдары мен әдістерімен бөлісті, осы ұсыныстарға ерекше назарын жаңа сайланған бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағалары аударып, өз жұмысында қолдануға ниет білдірді.

Бейнеконференция салалық кәсіподақтың Федоров аудандық филиалының кәсіподақ қозғалысының майталманы әрі көп жылдар бойы төрайым болып жүрген Зоя Шашкова «Пандемиялық дағдарыс жағдайында еңбек қауіпсіздігі және қауіпсіздік жүйесін нығайту» семинарын өткізді. Семинар барысында еңбек қауіпсіздігі және қауіпсіздік жүйесінде жүргізілетін жұмыстар, жиналған үздік тәжірибе мен жұмыс орындарының ұйымдастырылуы, іс-шаралар бойынша ақпаратпен таныстырды.

Covid-19 пандемиясы кезінде барлық кәсіподақ ұйымдары және жұмыс берушілер өзара әрекеттесу барысында еңбекті қорғау, қауіпсіздікті қамтамасыз ету, лайықты жұмыс орнын ұйымдастыру сияқты негізгі мәселелерге назар аударады.

Конференцияға қатысушылар семинар шеңберінде өз көзқарастарын білдіріп, сұрақтарын қойды, тәжірибесімен алмасып, қауіпсіздік жүйесін қамтамасыз ету мен жұмыс орындарында еңбек қауіпсіздігін жақсартудың жаңа тәсілдері мен әдістерін іздестірді.

Бейнеконференция нәтижесінде кәсіподақтың аудандық, қалалық филиалдарының мүшелері мен кәсіподақ және БКҰ өкілдері арасында «Пандемияның еңбек процесін ұйымдастыруға, қауіпсіз және салауатты еңбек жағдайларына әсері» тақырыбында сауалнама жүргізілді.