Дөң тау-кен байыту комбинатында еңбекті қорғау айлығы аяқталды

«Қазхром» ТҰК» АҚ филиалы – Дөң тау-кен байыту комбинатының кәсіподақ ұйымы Дүниежүзілік еңбекті қорғау күнін «Бастауыш кәсіподақ ұйымы» жылы аясында ерекше етіп ұйымдастырды.

Комбинат қызметкерлерінің арасында өткен байқау оларға отбасы құндығын түсіндіргендей болды. Себебі, байқауға жұмысшылардың өздері қатысып қана қоймай, балалары да бұл сайыста белсенділік танытты. Байқау онлайн түрде өтті. Ол сурет салу, видео дайындау, жұмыстағы ата-аналарына хат жазу секілді бірнеше шарттан тұрды.

Әлеуметтік желідегі конкурстардың нәтижелері 3-тен 15 жасқа дейінгі балалардың 70-тен астам суреттері, ата-аналарға жазылған 25 хат және жиырма үш бейнематериалды қабылдады. Техникалық қауіпсіздік тақырыбындағы бейнематериалдар қатарында үй үшіндегі қауіпсіздік, жұмыс басындағы көріністер секілді балғындардың дайындаған жұмыстарын көрдік. Байқау жұмыстарына қорытынды жүргізген комиссия мүшелері таңқалып, ризашылықтарын білдірді. Қорытындылар Дөң тау-кен байыту комбинатының инстаграм парақшасында жарияланды.

Еңбекті қорғау айлығында Дөң тау-кен байыту комбинатының негізгі цехтарынан «Молодежная» шахтасы бірінші орын, Қазақстан Тәуелсіздігінің он жылдығы атындағы шахта екінші, ал кәсіпорынның кендерді байыту және кесектеу фабрикасы жүлделі үшінші орынды иеленді. Ал кіші цехтардан энергия цехы бірінші орыннан көрінсе, электр цехы екінші, қойма шаруашылығы өндірісін дайындау басқармасы соңғы орынды қанжығалады.

Жүрекжарды сөздерге толы хаттар, ерекше эмоция қалдырған бейнероликтер кез-кеген жұмысшыны ойлантпай қоймайды. Бұл еңбектердің астары «ата-анам жұмыста қауіпсіз жүріп, бізбен бірге болсыншы» деген әр баланың тілегін көрсетеді. Тіпті, жүректен шыққан үндерін аудиомен жіберген қатысушылар да болды. Жұмыстардың барлығын #ПисьмоРодителям_ДГОК және #БезопасноLive хэштегтерімен іздеп, қызықтауға болады.

Еңбекті қорғау бөлімінің мамандары байқауға цех қызметкерлерінің белсенді қатысқанын айтады. №4 жөндеу цехы видеомен ерекшеленді. Дәлірек айтсақ, қызметі бойынша жұмысты қауіпсіз орындау тәртібі туралы анықталды.

№1 жөндеу цехы учаскелерінде еңбекті қорғау бұрыштарын құрып, қолөнер бұйымдарын тізді. Бұл көрме Қазақстан Тәуелсіздігінің он жылдығы атындағы шахтасында да бар. Энергия цехы қызметкерлеріне zoom арқылы TB-викторинасын ұйымдастырды. Балалардың ата-аналарына шығармашылық үндеуін және балалардың жұмыста «ересектер» ретінде көрініс қоюларын тапсырды. Кішкентай қатысушылар бұлардың барлығын жоғары деңгейде орындап шықты. Сонымен қатар, энергия цехының әр учаскесі видео арқылы өзгеше форматта наряд беруді көрсетті. Қауіпсіз жұмыс орны байқауы Қазақстан тәуелсіздігінің 10 жылдығы атындағы шахта мен электр цехтарында да өтті. «Молодежная» шахтасы болса, жұмысшылар арасында ережелерді білуге арналған сайыс ұйымдастырды.