Ақтөбе ферроқорытпа зауытының жастар комитеті, ҚРҚФ “30 Еңбек елшісі” жобасының жеңімпазы Нұрсұлтан Исенгалиев бастаған жастар қала тазалығына үлес қосты. Олар қаланың Жилгородок аумағы мен Тургенев көшесі бойын күл-қоқыстан тазартты.
“Тазалықтың екі айлығы аясындағы шараларға біздер белсене қатысып келеміз. Туған қаламыздың ,туған еліміздің көркеюіне атсалысу – парызымыз. Әр сенбі сайын тазалық жұмыстарына шығамыз. Өзіміз тұратын қаламызға жанымыз ашып, оның тазалығына көңіл бөлу керекпіз”, -дейді “еңбек елшісі” Нұрсұлтан Исенгалиев.