Медиация – азаматтық қоғамның жаңа сатысы

Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясы Заң клиникасының Павлодар филиалына бұрын Павлодар облысы кәсіподақтар аумақтық бірлестігінің татуластыру орталығында медиатордың қатысуымен Медиация туралы келісім жасасқан, кәсіпорынның қызметкерлер алдындағы берешегін төлеудің ерікті тәртібі мен мерзімін анықтаған кәсіпорынның бес қызметкері жүгінді.

Қызметкерлер Медиация туралы Келісімді орындауға кірісе отырып, кәсіпорын оларға тиесілі берешек мөлшерін алғашқы екі айда ғана өз еркімен төлегенін, ал үшінші айда себебін түсіндірмей қарызды төлеуді тоқтатқанын айтты.

Кәсіпорын қызметкерлеріне заң клиникасының филиалында Павлодар қалалық сотының сот бұйрығын беру туралы өтініштерді жасау бойынша құқықтық көмек көрсетілді.

Қазақстан Республикасы Азаматтық іс жүргізу кодексінің 135-бабының 3) тармағына сәйкес дауларды (жанжалдарды) медиация тәртібімен реттеу туралы Келісімді орындау туралы талап бойынша сотқа дейінгі реттеу тәртібімен жасалған сот бұйрығы.

Сот бұйрығын беру туралы арызды арыз беруші жауапкердің орналасқан жері бойынша сотқа береді. Арызда соттың атауынан, Өндіріп алушының атауы мен деректерінен, борышкердің атауы мен деректерінен басқа Өндіріп алушының талабы және ол негізделген мән-жайлар көрсетіледі. Өтінішке борышкер-кәсіпорын толық орындамаған Медиация туралы келісім қоса беріледі.

Бұл ретте, егер келісімнің орындалуы белгілі бір мерзімдерге (мысалы, бірнеше айға) есептелген болса және осы мерзімдердің бірінде кезекті төлем орындалмаған болса, онда өндіріп алуға қалған төленбеген берешектің барлық сомасын ұсыну қажет. Сот бұйрығын судья сотқа келіп түскен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде шығарады. Борышкерден сот бұйрығына қарсылықтар он жұмыс күні мерзімінде түспеген жағдайда, сот бұйрығы заңды күшіне енеді және атқару құжатының күші болады.

Павлодар облысы аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің татуластыру орталығына қызметкерлердің жүгіну мәселелерін құқықтық мониторингілеу қызметкерлердің жүгінген күнінен бастап бұзылған еңбек құқықтары толық қалпына келтірілгенге дейін жүзеге асырылады.

Еңбек саласындағы барлық толғандыратын мәселелер бойынша тәулік бойы 87088614656 телефоны бойынша жедел желіге жүгінуге болады.