Кәсіподақ байқау ұйымдастырды

Темір аудандық білім қызметкерлері кәсіподақ ұйымының демеушілігімен “Үздік педагог-2021” байқауы өтті.

Шектеу шараларына байланысты шара қашықтан ұйымдастырылды. Байқауда жалпы орта білім беретін мектептердің мұғалімдері жетістіктерін жоғары дәрежеде көрсете білді. Байқау жеңімпаздарына аудандық білім бөлімінің Алғыс хаты мен кәсіподақ ұйымының қаржылай сыйақысы табысталды.