Өткен сенбі күні елордалық “№1 автобус паркі” АҚ-ның жұмысшылары “Киелі табиғат” экологиялық акциясы аясында кәсіпорынның аумағы мен объектілерін, сондай-ақ оған іргелес аумақты санитарлық тазарту бойынша сенбілік өткізді.
«Біз барлығымыз елордамыздың таза, әдемі, көрікті келбеті болғанын қалаймыз. Оған үлес қосу – әрбір азаматтың міндеті. Кәсіпорын жұмысшылары жыл сайын қаланың көркейту-көгалдандыру жұмыстарына белсене қатысады», – дейді «№ 1 автобус паркі» АҚ қызметкерлерінің жергілікті кәсіподағының төрағасы Байзақ Рыспеков.
Жұмысшылардың еңбек жағдайына ашық ауа райы қолайлы болды.Тырмамен, сыпырғышпен және күрекпен қаруланған жұмысшылар бекітілген нысандарды тазалап, ретке келтірді. Сонымен қатар, автопарк жұмысшылары “Байқоңыр” ауданының бекітілген учаскесіне және Ататүрік саябағына ағаштар отырғызды.