2021 жылғы 4 мамырда «Шымкент қаласының туризм және сыртқы байланыстар басқармасы» мемлекеттік мекемесінде ұжым мүшелерінің қатысуымен жалпы жиналыс өтті.
Күн тәртібінде бастауыш кәсіподақ ұйымын құру, бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасын (төрайымын) сайлау, тексеру комиссиясының төрағасын (төрайымын) сайлау, ұжымдық шарт түзу, «Қызмет» мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің салалық кәсіподағы» қоғамдық бірлестігі Шымкент қалалық филиалының құрамына кіру туралы, мүшелік жарна туралы мәселелер қаралды.
Жиналыста түскен ұсыныстарды ескере отырып, ұжымның жалпы жиналысында «Шымкент қаласының туризм және сыртқы байланыстар басқармасы» мемлекеттік мекемесінің бастауыш кәсіподақ ұйымы құрылып, оған 10 адам немесе 100% кәсіподақ мүшелігіне тартылды.
Ал, кәсіподақ ұйымының төрайымы болып Аружан Нұрбекқызы Тұрсынбек және тексеру комиссиясының төрайымы болып Арайлым Ғаниқызы Әскербек сайланды.
Сондай-ақ, мекеменің жұмыс берушісі – Шымкент қаласының туризм және сыртқы байланыстар басқармасының басшысы Олжас Маратович Шинтаев пен мекеменің бастауыш кәсіподақ ұйымының төрайымы Аружан Нұрбекқызы Тұрсынбек арасында Ұжымдық Шарт жасалып, бекітілді.
Құрылған кәсіподақ ұйымы «Қызмет» мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің салалық кәсіподағы» қоғамдық бірлестігі Шымкент қалалық филиалының құрамына кірді.
Сонымен бірге кәсіподақ мүшелерінен жиналатын 1% мүшелік жарнаның 70%-і мекеменің бастауыш кәсіподақ ұйымына, ал 30%-і «Қызмет» мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің салалық кәсіподағы» қоғамдық бірлестігі Шымкент қалалық филиалына аударатын болды.
Түзілген ұжымдық шартты тіркеу үшін, Шымкент қаласының мемлекеттік еңбек инспекциясына тапсырды.