Ашықтық пен әділдікті қамтамасыз ету – кәсіподақ назарында

2021 жылғы 4 мамыр күні Шымкент қаласындағы Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті Шымкент қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Әл-Фараби ауданы бойынша Мемлекеттік бос және уақытша бос тұрған мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына жарияланған жалпы конкурс өтті.

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтығы мен әділдігін қамтамасыз ету үшін, «Қызмет» мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің салалық кәсіподағы» қоғамдық бірлестігі Шымкент қалалық филиалының төрағасы Серік Елемесұлы Әуесханов комиссия жұмысына байқаушы ретінде қатысып, оның әділ және ашық өткеніне куә болды.